Сенат комитетінде Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.
None
None

Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы келісімге 2015 жылғы 20 шілдеде Астанада қол қойылған келісімнің мақсаты жұмыспен қамту мен нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту мен техникалық және кәсіптік білім берудің, оқытудың және жоғары білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру болып табылады.

Жобаның құны 25 345 миллион теңге - 137 миллион АҚШ доллары, оның ішінде сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен 6,8 миллиард теңге - 37 миллион АҚШ доллары, сыртқы қарыз есебінен 18,5 миллиард теңге - 100 миллион АҚШ доллары. Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Құжат Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар