Сенат комитетінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Сенат комитетінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы заң жобасы талқыланды

Заң жобасы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құзіретті органдары арасындағы ақпарат алмасу және қылмыстарды тергеуде құқықтық көмек көрсету жөніндегі заңдық негіздерді орнықтыруға бағытталған.

Келісім ережелеріне сәйкес тараптар қылмыстық істер бойынша іс жүргізу өндірісінде бір-біріне көмек көрсете алады.

Бұл келісімге 2009 жылғы наурыз айында Абу Дабиде (БАӘ) қол қойылды.

Заң жобасы палата қарауына жіберілді.