Сенат комитетінде қазақстандық қамту мәселелері туралы заң жобасы қаралды
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Заң жобасы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу барысындағы қазақстандық қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың уәкілеттігін, сондай-ақ уәкілетті органдар, тапсырыс берушілер және жеткізушілер арасындағы өзара қарым-қатынастарды белгілейді.
Бұл мақсаттарды орындау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Концессиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.
Енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулар қазақстандық қамту жөніндегі ұғымдық түсіндірмеге бірыңғай қатынастарды белгілеуді, мемлекеттік органдар арасындағы қазақстандық қамтуды бақылау және мониторинг міндеттерін бөлуді, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу барысындағы қазақстандық қамтудың бірыңғай әдістемесін бекіту және тендерлер мен конкурстар өткізу барысында қазақстандық өндірушілерді қолдау жөніндегі біртұтас шаралар жөніндегі Үкімет құзіретіндегі міндеттерді айқындауды қарастырады.
Сондай-ақ жобада мемлекеттік сатып алу саласындағы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға туралы ұсыныстарына әсер ететін ережелерді қолдану жөніндегі міндеттердің бұзылғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Сатып алуға мониторинг жасау жүйесін тәртіпке келтіру ішкі мемлекеттік сұранысқа талдау жасауға және импортты алмастырудағы сапалы шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.