Сенат комитетінде кейбір заңнамалық актілерге бюджет процесін жетілдіру туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасы түпкі нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлауды одан әрі жетілдіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру, сондай-ақ республикалық және жергілікті деңгейдегі қаржы бақылау жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен Бюджет және Салық кодекстеріне, сондай-ақ «Әкімшілік рәсімдері туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Концессиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Атап айтқанда, Бюджет кодексіне мемлекеттік қаржы бақылау және жоспарлау жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсетулер, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджетті орындау және инвестициялық рәсімдерді жетілдіруге қатысты өзгерістер енгізілетін болды.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру аясында мақсатты трансферттерді дамуға пайдаланудағы жергілікті органдардың құқықтары кеңейеді.

Салық кодексіне уәкілетті органның өкілеттігін және салық төлеушіге мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын ұсынуды нақтылайтын өзгерістер енетін болды.

Заң жобасын палатаның қарауына ұсыну туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар