Сенат комитетінде кейбір заңнамалық актілерге қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды,

Сенат комитетінде кейбір заңнамалық актілерге қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жобада ІРО бағдарламасына қатысатын компаниялардың акцияларын жариялы түрде орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету бөлігіне өзгерістер енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ ІРО аясында акциялары орналастырылатын қоғамды жария компанияның тануы бөлігіне, жоғарыда аталған эмитенттердің шетелдік азаматтарға және (немесе) заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға акцияларды сатуына тыйым салуды белгілеу бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.