Сенат комитетінде кірістерді жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға

Сенат комитетінде кірістерді жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы талқыланды

және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Сенат отырысында бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасын талқылау барысында депутаттар жобаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, «Адвокаттық қызмет туралы» заңдағы 11-бабынан «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңда қарастырылған, адвокаттық қызметпен айналысуда жүйелі (үш немесе одан көп рет кейінгі күнтізбелік он екі айда) түрде талаптар бұзылған жағдайда лицензия күшін лицензия берушінің тоқтатуын қарастыратын 2-1 тармақты алып тастау ұсынылды.

Адвокаттық қызметпен айналысатын лицензия күшін тоқтату туралы бұл ереже қолданыстағы заңнамада қарастырылған.

Бұл айтылған негіздемелер, сондай-ақ түрлі заңнамалық актілердегі ережелер арасындағы олқылықтарды жою мақсатында депутаттар «Нотариат туралы» заңдағы 10-баптың 2-тармағындағы 3-1) тармақшасында қарастырылған осындай ережені алып тастауды ұсынды.