Сенат комитетінде көлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің отырысында,
None
None

депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құжаттың мақсаты көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін және тасымалдау үдерісін жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ құжат бойынша көлік саласындағы құқықтық олқылықтарды жою және ұлттық көлік заңнамасын халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келтіру қарастырылған. Бұдан бөлек түзетулер халықаралық, қалааралық қатынаста автобустармен жолаушыларды тасымалдауға лицензия енгізуді қарастырады. Жолаушыларды темір жолмен тасымалдауларды басқарудың жол жүру билеттерін сату бойынша автоматтандырылған жүйесіне пайдаланушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, темір жол вокзалдарының қызметін ұйымдастыруға, ұлттық теңіз тасымалдаушысын айқындауға бағытталған нормалар қамтылып отыр. Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы, екінші оқылымға әзірлеу үшін Экономикалық және өңірлік саясат комитетіне тапсырылады.

Отырыста комитет мүшелері заң жобасына көлік қатынастары мен тасымалдау ісін жетілдіруге арналған 30-дан астам өзгерістер мен толықтыруларды ұсынып, талқыға салды. Депутаттар «Автомобиль жолдары туралы» заңға автомобиль жолдарындағы жөндеу жұмыстарын жақсартуды қарастыратын өзгерістер енгізумен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарындағы олқылықтарды жою қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жоба бойынша «Автомобиль көлігі туралы» заңға жергілікті атқарушы органдардың автомобильмен жолаушыларды, қол жүгі мен ауыр жүкті жүйелі тасымалдау тарифін жергілікті өкілді органмен келісу туралы өзгеріс енгізу қажеттігі айтылды. Талқыланған ұсыныстар палата отырысында қаралатын болды.

Соңғы жаңалықтар