Сенат комитетінде қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы заң жобасы талқыланды
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Заң жобасы халықаралық актілер ережелерін ескере отырып жазасын өткеру тәртібі мен жағдайын жетілдіру, сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін күшейту, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында әзірленген болатын.
Заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.
Кеңейтілген отырыста сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.
Заң жобасы арқылы енгізілгелі отырған өзгерістер бағалау қызметі нарығын жетілдіруге және оны реттеуге бағытталған. Бағалау қызметі саласындағы оң тәжірибені іске асыру мақсатында бағалау қызметін реттеуді мемлекет міндетіне қалдыра отырып, мүлікті бағалауды мемлекеттік бақылаудан бірте-бірте өзі реттелетін баға субъектілерін бағалау қызметіне көшу көзделіп отыр.
Осыған байланысты бағалаушылардың өкілеттігімен қатар міндетті түрде олар мүше болатын бағалаушылар палатасын құру ұсынылады. Бағалау қызметінде бағалаушылар уәкілетті орган бекіткен стандарттармен қатар халықаралық бағалау стандарттарын қолдану құқына ие болады.
Заң жобалары палатаның қарауына жіберілетін болды.