Сенат комитетінде мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған заң жобасы талқыдан өтті

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша еліміздің заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.
None
None

Заң жобасының тұжырымдамасын қарау барысында ол 2011 жылғы шілде айында бекітілген Мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі тұжырымдамасы мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында әзірленгені аталып өтілді.

Заң жобасы мейлінше лайықты мамандарды таңдалуын, олардың жеке еңбегін тану тұрғысында кәсіби және мансаптық тұрғыда ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасының негізгі басымдықтары: мамандарды таңдауда және ілгерілетуде меритократия (еңбегін тану) қағидаларын күшейту, «А» басқару корпусын құру, персоналдар институттары мен басқару тетіктерін жетілдіру, кадрлық қызметтердің мәртебесі мен  өкілеттіктерін арттыру, тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту, корпоративтік мәдениетті жетілдіру болып табылады.

Осы мақсатта заң жобасында тиімділікті, мемлекеттік қызметке таңдаудағы конкурс тәртібінің әділдігі мен айқындығын арттыру, конкурстан тыс тағайындаулар мүмкіндіктерін қысқарту, лауазымды адамдардың заңсыз кадрлық шешімдерге жауапкершілігін күшейту қарастырылды. Заңда Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі мен жемқорлыққа қарсы ережелері бар қызмет этикасының жеке тарауы алғаш рет қаралып отыр.

Құжаттың ережелерін іске асыру үшін Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия мен аймақтық комиссиялар құрылады, тәлімгерлер, мансаптық жоспарлау мен алмастыру институты енгізіледі. Осы заң жобасы қабылдануының негізгі көрсеткіштері ретінде: кадрларды даярлау жүйесіне халық сенімін арттыру, меритократия қағидалары сақталуына мемлекеттік қызметшілердің сенімін, олардың кәсіби біліктілігін, қызмет этикасының сақталуын бақылаудың тиімділігін, мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын көтеру болып табылады.

Соңғы жаңалықтар