Сенат комитетінде мемлекеттік мерекелер туралы заңға енгізілген өзгеріс талқыланды

АСТАНА.  2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы»  ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
None
None

заң жобасын талқылады.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының, ҚР Қарулы Күштері Бас қолбасшысының 2012 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығы туралы» бұйрығы негізінде әзірленген болатын. Заң жобасы бойынша 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке санатына енгізілетіні көзделеді.

Еске сала кетсек, 2012 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған байланысты мемлекет басшысы Н. Назарбаев  7 мамыр Отан қорғаушылар күнін - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі етіп белгілеуді ұсынған болатын. Заң жобасының қабылдануы қосымша қаржы шығындарына, сондай-ақ теріс әлеуемттік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырмайды.

Соңғы жаңалықтар