Сенат комитетінде ОСК мүшесі лауазымына тағайындау туралы мәселе қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қызметіне тағайындау туралы Палата Төрағасының ұсынысы талқыланды.

Сенат комитетінде ОСК мүшесі лауазымына тағайындау туралы мәселе қаралды

Айта кетейік, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламенттің әр палатасы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметке тағайындайды. Сонымен қатар Конституцияның 58-бабы, 3-тармағы, 7-тармақшасына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне кандидаттарды палата Төрағасы ұсынады. Осыған байланысты сенаторлар ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Бақыт Сәрсенбайұлы Мелдешов пен Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызын тағайындау туралы ұсынысты талқыға салып, кандидаттарға қолдау білдірді.

Аталған мәселе палатаның алдағы отырысына шығарылатын болады.