11:13, 13 Қазан 2013 | GMT +5
Сенат комитетінде психологиялық ауытқуларға ұшырағандарды мәжбүрлеп емдеу туралы заң жобасы талқыланады
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - 16 қазан күні ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Отырыста «Психологиялық ауытқуларға ұшыраған тұлғаларды мәжбүрлі емдеуге беру туралы конфенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланатын болады.