17:33, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Сенат комитетінде Р.Н.Мамырбаевты Жоғарғы Сот судьясы қызметіне сайлау туралы ҚР Президентінің ұсынымы қаралды
АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде Р.Н.Мамырбаевты Жоғарғы Сот судьясы қызметіне сайлау туралы ҚР Президентінің ұсынымы қаралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сондай-ақ А.А.Секішевті басқа қызметке ауысуына және З.М.Мақашевты отставкаға кетуіне орай Жоғарғы Сот судьялары қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы да қаралды.Заңнама және құқықтық мәселелер комитеті ел Президентінің ұсынымдарын палата отырысында қолдау туралы ұйғарым жасады.