Сенат комитетінде шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін қару түрлерін қолдануға тыйым салу туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және оған хаттамаларды:
None
None
Анықталмайтын жарықшақтар туралы хаттаманы (І хаттама), Өртегіш қаруды қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы хаттаманы (ІІІ хаттама) және Көзді соқыр ететін лазерлік қару туралы хаттаманы (ІY хаттама) ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Конвенция мен оларға Хаттамалардың мақсаты кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тиым салу және шектеу саласын кеңейту болып табылады. Бұл конвенцияның негізіне халықаралық гуманитарлық құқықтық екі ереже алынып отыр: таңдамай әрекет ететін қаруды қолдануға тиым салынады және артық бейнет тартқызатын және әсіре бүлдіргіш қаруды қолдануға тиым салынады. Осыған байланысты бұл құжат қарулы қақтығыста халықаралық құқық қағидаларына сәйкес әзірленгені аталып өтілді, ондағы тараптардың құқығы бойынша соғысты жүргізу әдістері мен құралдарын таңдауға шек қойылмайды. Конвенция сондай-ақ бейбіт халыққа артық бейнет тартқызатын, әсіре бүлдіргіш және табиғи ортаға елеулі зиян әкелетін қаруға, снаряд пен заттарға және соғыс жүргізу әдістеріне тиым салатын ережені бекітті. Осы құжаттың 4 бабындағы 5 тармағына сәйкес бірге ұсынылған барлық Хаттамалар оның бөлінбес бөлігі болып табылады. Еске сала кетейік, 1980 жылғы қазанның 10-ында Женевада қол қойылған Конвенцияға әлемнің 102 мемлекеті қатысып отыр.Заң жобасы палатаның қарауына ұсынылатын болды.
Соңғы жаңалықтар