Сенат комитетінде сыртқы барлауға қатысты заң жобасы қаралды
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Сыртқы барлау туралы» заң жобасы қаралды,
деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
Заң жобасы мемлекеттік органдардың сыртқы барлау міндетіне уәкілеттігін жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Сенатта талқылау барысында Мәжілісте мақұлдаған заң жобасына 50-ден астам түзетулер енгізілетін болды.
Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.
Екі заң жобасы да палатаның қарауына ұсынылатын болды.