Сенат комитетінде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заң жобасы талқыға салынды

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынды,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Заң жобасы табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарықтарға қатысты тариф (баға) саясатын жетілдіру мақсатын көздейді.

Заң жобасы энергия жинақтауды және тұтынушылардың энергоресурстарды тиімді пайдалануын ынталандыруға, желілерді жаңғыруға және жаңартуға қосымша инвестиция тартуға және аймақтық электр желілері компаниялары қаржысын босатуға, сондай-ақ тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді.

Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да талқыланды.

Заң жобасы арқылы енгізілетін өзгерістер қауіпті өнеркәсіптік нысандар әсері нәтижесінде зардап шегушілердің ықтимал санына байланысты сақтандыру сомасын ұлғайтуға, оны белгілеуге, міндетті сақтандыру шартын бекітуге және оның іс-қимылы мен іс-қимылын тоқтату жағдайларын нақтылауға, сондай-ақ сақтандырушының, сақтанушының және үшінші тұлғаның құқықтары мен міндеттерін нақтылауға арналған.

Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Екі заң жобасы да палата қарауына жіберілетін болды.

Соңғы жаңалықтар