Сенат комитетінде теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл келісімге 2007 жылғы 4 қазанда Новосібір қаласында қол қойылған болатын.Келісімнің мақсаты екі мемлекет арасындағы теңіз көлігі саласындағы қатынастарды реттеу және дамыту, оған қоса кемелер қозғалысын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады. Келісімді ратификациялау екі мемлекеттің теңіз сауда флоттары мен айлақтарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ теңіздегі қауіпсіздікті және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету үшін құқықтық негізді қалыптастырады.Заң жобасы талқыланғаннан кейін палатаның қарауына жіберу ұйғарылды.Комитет отырысында талқыға салынған «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да палатаның қарауына ұсынылатын болды.
Соңғы жаңалықтар