Сенат комитетінде теңізшілердің жеке куәліктері туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 ж. конвенцияны (№ 185 конвенция) қайта қарайтын Конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды,

Сенат комитетінде теңізшілердің жеке куәліктері туралы  конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.

№185 Конвенция 2003 жылғы 19 маусымда Женевада қабылданып, 61 мемлекет ратификациялаған, әлемдегі флоттардың 60,7 пайызы үлесіне тиетін №108 (1958 жылғы) теңізшілердің ұлттық жеке куәліктері туралы Конвенцияның орнына 2005 жылғы 9 ақпанда күшіне енді.

Теңізшілердің жеке куәліктері онсыз шетелдік аумақтарда жүзетін теңіз кемелеріндегі экипаждар мүшелері үшін жұмыс істеу мүмкін болмайтын міндетті құжат болып табылады.

Заң жобасын қабылдау теңізшілердің жеке куәлігін беруге және қолдануға қатысты ұлттық заңнаманы халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілетін болды.