Сенат комитетінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қатысты құзыреттер туралы заң жобасы талқыланды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде

Сенат комитетінде уәкілетті мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қатысты құзыреттер туралы заң жобасы талқыланды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасымен қолданыстағы заңнамалық актілер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкестендірілетін болды.

Атап айтқанда, тексерілетін субъектілерге талап қоятын нормативтік құқықтық актілер иерархиясын көтеруге, сондай-ақ кәсіпкерлікті қаржылай қолдайтын мемлекеттік құралдарды молайтуға қатысты.

Жобамен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстерге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Сауда қызметін реттеу туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Заң жобасы палата қарауына жіберілді.