Сенат комитетінде ҰҚШҰ күштері мен құралдарына қатысты бірнеше заң жобасы қаралды

принциптері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Үшінші хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Хаттаманың мақсаты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің ұлттық қарулы күштерін ұжымдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін осы заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтаудағы әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру болып табылады.
Комитеттің кеңейтілген отырысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында әскери мақсаттағы өнімдерді шығару жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-өндірістік бірлестіктерді құрудың жалпы принциптері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да талқыланды.
Заң жобасы әскери-техникалық және әскери-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындарын дамыту мен ықпалдастығын бірлесе қолдау үшін жағдай жасауға бағытталған.
Отырыс барысында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының қалыптастырылу және жұмыс істеу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды.
Келісімде ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі бойынша іс жүзіндегі шаралар, ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі, олардың мақсаты белгіленген.
Депутаттар сондай-ақ «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылады.
Келісімде Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі ҰҚШҰ күштері мен құралдары құралымдарын кіргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын тараптардың аумағында уақытша болуы үшін құқықтық негіз жасалады.
Барлық заң жобалары палатаның қарауына жіберілді.