Сенат комитетінде үш заң жобасы талқыланды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы талқыланды,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Заң жобасы осы саладағы ұлттық құқықтарды экономиканың қазіргі талаптары мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкестендіруге бағытталған.

Заң жобасы тұтынушы мен өнім өндірушінің өзара қарым-қатынастары үдерістерінде пайда болған қатынастарды реттеудің тиімді жүйесін жасауға, жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылар құқын қорғау саласындағы әлеуметтік, коммерциялық және басқа да осы қатынастарды реттеуге, бұл жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді.

Комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да талқыланды.

Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы», «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Заң жобасын Сенатта талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған жобаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Комитет отырысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Француз Республикасының Yкiметi арасындағы Қаржыландыру туралы хаттаманың (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) күшін жою туралы» заң жобасы да қаралды.

Қаралған барлық заң жобалары палатаның қарауына жіберілетін болды.

Соңғы жаңалықтар