Сенат Комитетінде заң жобалары талқыға түсті

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік – Батыс жол дәлізі жобасы («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы»

Сенат Комитетінде заң жобалары талқыға түсті
және «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа ? Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама ? 1-жоба) ратификациялау туралы» заң жобалары талқыға салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Комитет отырысында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды.Заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың ресурстарын тиімді пайдалану есебінен бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықтарды азайту барысында мемлекеттік реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады. Заң жобасы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулер мен басқа да бақылау түрлерін рәсімдері мен қағидаларын бірыңғайлауға бағытталған 72 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске және 65 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасының қабылдануы тексерулердің жалпы саны мен бизнеске әкімшілік қысымды азайтуға, тиісінше тұтас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін болады. Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.