Сенат комитетінде жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Сенат комитетінде жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заң жобасы қаралды

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауының ашықтығын қамтамасыз етуге, бизнеске құқыққа сыйымсыз араласушылық мүмкіндігін болдырмауға, жер қойнауы саласында барлық деңгейдегі әкімшілік кедергілерді алып тастауға ықпал ететін болады. Енгізілетін өзгерістер тікелей шетелдік инвестициялардың келуіне және геологиялық-барлау саласында кәсіпкерлікті дамытуға әрі жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Заң жобасы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.