Сенат комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру туралы Конституциялық заңының жобасы талқыланды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы талқыланды.
None
None

Заң жобасы еліміздің алғашқы Президентінің қызметін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Жобамен Мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» заңдарына Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің конституциялық мәртебесін оның Ұлт көшбасшысы мәртебесімен сәйкестендіруге бағытталған өзгерістер енгізіліп отыр.

Комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы да қаралды.

Бұл заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасымен Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғу, суретін бүлдіру, заңды қызметіне кедергі жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Екі заң жобасы да палатаның қарауына ұсынылатын болды.

Соңғы жаңалықтар