Сенат құрамы 75 пайызға жаңарады - ОСК
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат құрамы 75 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, жаңадан сайланатын депутат өз өкілеттігін алу үшін үш кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде облыстық сайлау комиссиялары дауыс берудің нәтижелерін белгілейді. Ал оның хаттамалары Орталық сайлау комиссиясына жөнелтіледі.
«Біз екінші кезеңде облыстық комиссиялар хаттамаларының санына қарап, кім сайланғанын қорытындылаймыз. Үшінші кезеңде тіркеуден өту керек. Тіркеуден өткеннен кейін депутаттар өз өкілеттігіне толық ие болады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Сонымен қатар ОСК төрағасы Сенат депутаттарының құрамы 75 пайызға жаңарғанын және бұған дейін сенатор болған 4 депутаттың өз орындарын сақтап қалғанын атап өтті.