Сенат Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы соттың судьясын қызметтен босатты
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет басшысының ұсынымы бойынша ҚР Жоғарғы сотының судьясы Людмила Полторабатько қызметінен босатылды.
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Палата депутаттары осындай қаулы қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Жоғарғы сот судьясы Л.Полторабатькоға жоғары сенім білдіріп, 2011 жылғы 23 қарашадағы Жарлығымен оны Сенат депутаты ретінде тағайындаған болатын. Осыған орай Мемлекет басшысы Парламент Сенатына Л.Полторабатьконы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатуды ұсынады. Л.Полторабатьконың судьялық қызмет өтілі 30 жыл, оның ішінде соңғы 5 жылда ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің мүшесінің қызметін атқарды.