Сенат отырысында Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарларына қатысты хаттама қаралады
Тоқтала кететін жайт, екі елдің азаматтарының өзара сапарлары туралы келiсiм 2000 жылдан бастап әрекет етедi және екі ел азаматтарының визасыз кiруiн және болуын көздейдi. Бұл ретте құжаттардың қосымшаларында азаматтардың екі ел аумағында кіруі, шығуы және болуы үшін құжаттар тізбесі бекітілген.
Сонымен қатар, Өзбекстан тарапы осы тізімді жаңа құжаттармен толықтыруды ұсынған болатын. Осыны қамтыған хаттамаға 2012 жылдың 7 қыркүйекте Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері қол қойған. Атап айтқанда, құжаттар тізбесіне дипломатиялық паспорт, Өзбекстан азаматының биометриялық паспорты, Өзбекстан Республикасының 16 жасқа толмаған азаматтарының куәлігі, қайтып оралуға арналған куәлік қосылады.
Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылады.