Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қазанда болатын Сенаттың отырысында он үш заң жобасын қарау жоспарланды.
None
None

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Палата бюросының мүшелері қабылдаған Қаулыға сәйкес, депутаттар қарауына ШЫҰ аясындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы үкіметаралық келісімді және Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі туралы келісімді ратификациялау жобасы шығарылады.

Депутаттар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Қайырымдылық туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және заңнамаға мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша түзетулерді қарады.

Одан басқа, заңнамаға Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда талқылау жоспарланды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау, оңалту және банкроттық, бюджет заңнамасын жетiлдiру, қайырымдылық, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады.

Бюрода таяуда Мәжілістен түскен төрт заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Бенилюкс мемлекеттерімен (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) реадмиссия туралы келісімді, сондай-ақ Латвиямен адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Бас комитеттер Сенаттың барлық тұрақты комитеттерінің ұсыныстарын пысықтайды және осы заң жобалары бойынша Палатаның жалпы отырысына тиісті қорытынды әзірлейтін болды.

Соңғы жаңалықтар