Сенат Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы хаттаманы ратификациялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенаты «2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Аталған заң жобасын бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев таныстырды.

Сенат Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы хаттаманы ратификациялады

«2011 жылдың 18 қазанында ТМД аясында преференциялық сауданың көпжақты жүйесін құруды көздейтін еркін сауда аймағы туралы жаңа шарт жасалды. Осы шартқа қатысушылар Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан мен Украина болды. 2012 жылғы ақпанда Өзбекстан шартта көзделген бірқатар міндеттемелерді 2021 жылға дейін орындау бойынша оған өтпелі кезеңдер ұсынылған жағдайда шартқа қосылу ниеті туралы ТМД-ның Атқарушы комитетіне хабардар етті», - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, ҚР Өзбекстанға тиісті тауарларды әкету кезінде оларға қатысты экспорттық баждарды қолдануды көздейтін тауарлар тізбесін бекіткен.