Сенат пен мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 450 млн.-ға жуық теңге бөлінді

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағымдағы жылғы Парламент Сенатының кезекті сайлауы мен шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттары сайлауын өткізу бюджеті 446 млн. 694 мың теңгені құрайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 26 наурызында өтетін шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттары сайлауын өткізуге 12 облысты қаржыландыру үшін 7 ақпан күні 200 млн. 143 мың теңге бөлінген.
«Бюджет қаржысын жұмсауға барынша жауапкершілікпен қарауды өтінемін. Облыстық әкімдік бухгалтерлерімен бюджетті дер уақытында орындауды қарастырыңыздар және бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану бойынша қателіктерге бой алдырмаңыздар. Бухгалтерлік құжаттарды дер уақытында рәсімдеу қажет. «Сайлау туралы» заңға сәйкес, осы мақсат үшін жергілікті атқарушы органдарда ашылатын есепшот арқылы республикалық бюджет ақшасымен қаржыландырылғанымен аталған есепшотқа түскен қаржыға аумақтық сайлау комиссиялары билік жүргізетіндігін естен шығармауларыңызды өтінемін. Төрағалар қаржылық құжаттардың қаржылық мәселелер бойынша шешімдермен сәйкестігіне жауап береді», - деді Фоос.