10:17, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Сенат Президенттің Қ. Келімбетовті Ұлттық банктің төрағасына тағайындау туралы ұсынысымен келісті
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасын тағайындау туралы ұсынысына келісім берді.

Еске салсақ, бұған дейін Елбасы Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалған болатын. «ҚР Конституциясына сәйкес, Ұлттық банк төрағалығына кандидатты тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше құзырына жатады. Сонымен қатар, мұндай келісім Республика Президентінің алдын ала немесе соңынан ұсынуы барысында беріледі», деді Сенат Төрағасы Қайрат Мәми.
Осыған орай, сенаторлар алдында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов Елбасының ұсынысын жария еткен болатын.
Мемлекет басшысының ұсынысын палата депутаттары бірауыздан қолдап дауыс берді.