Сенат Ресей мұнайын ҚР арқылы ҚХР-ға тасымалдау саласындағы Келісім бойынша заң жобасын қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Ресей мұнайын ҚР территориясы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы әріптестік туралы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы талқыланды.
ҚР Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Келісімнің негізі мақсаты Қазақстан жері арқылы Ресей мұнайын Қытайға тасымалдауға жағдай жасау болып табылады. Келісім жылына 7 млн. тонна Ресей мұнайын тасымалдауды қарастырады. Болашақта бұл көрсеткішті 10 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, аталған құжат Омбы-Прииртышск-Атасу-Алашаңқай бағытындағы магистральды құбырлар жүйесін қолдануға құқық береді.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісі заң жобасын 11 маусымда мақұлдаған болатын.