Сенат Салық кодексін жаңа Конституцияға сәйкестендіретін құжатты мақұлдады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды.
- Бәрімізге белгілі, Салық кодексі бұл мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңдар жиынтығы. Ол қандай салықтар бар екенін, кім, қанша және қашан төлеу керектігін белгілейді және тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Сол себептен депутаттар бастамашы ретінде аталған заңды енгізді. Заң Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, - деді сенатор Бекболат Орынбеков.
Аталған құжат:
- бір палаталы Парламент – Құрылтайдың, Қазақстан Халық Кеңесін құрылуына байланысты өзгерістерді;
- құқықтық терминологияны жетілдіруге бағытталған редакциялық түзетулерді көздейді;
- Астана қаласының ерекше мәртебесіне сәйкес, аумақ атауларын көрсетуде басымдықпен реттелген;
- бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Заңның 40-шы бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сотқа жүгіну үшін қарастырылған мемлекеттік баж төлемі Салық кодексінен де алынып тасталды.
- Жалпы алғанда, өзгерістер салық төлеушілер үшін жаңа салықтар, ставкалар немесе міндеттемелер енгізуді көздемейді. Оның мақсаты - Салық кодексін жаңа Конституция нормаларымен үйлестіру және мемлекеттік институттардың жаңа моделін құқықтық тұрғыдан бекіту. Заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға алып келмейді және мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді, - деді сенатор.
Еске салсақ, бұл құжатты мамыр айында Парламет Мәжілісі қабылдаған еді.