Сенат сайлауы: Түркістанда 278 депутат дауыс беруде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Түркістан облысынанда 278 депутат Сенат сайлауына қатысып, 2 кандитқа дауыс беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Парламент Сенатының сайлауы Түркістан қаласындағы конгресс хол ғимаратында өтіп жатыр. Жалпы сайлауға қатысқан 278 мәслихат депутаттары өз таңдауларын жасауда. Ал, 39 депутат белгілі себептерге байланысты қатыса алмады.

Сайлау бюлетеніне екі кандидаттың есімі енгізілді. Олардың бірі Жетісай ауданының әкімі болса, екіншісі Ордабасы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы қызметін атқарған.

«Бастапқыда 6 үміткер өз кандидатурасын ұсынған болатын. Кейін үш үміткер құжаттарын кері қайтарып алды. Ал, тағы бір кандитаттың мүлік салығы жөніндегі декларациясын тексеру кезінде шикілік шыққаны үшін тіркеуден алынып қалды», - деді облыстық Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әмірдин Әлішев.

Айта кетейік, Түркістан облысында 17 аудан, қалалық, бір облыстық мәслихат бар. Оларда 317 депутат тіркелген.