13:05, 14 Қаңтар 2023 | GMT +5
Сенат сайлауы: Ұлытау облысынан Советбек Медебаев басым дауыс жинады
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Ұлытау облысы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған өңірде таңдаушы ретінде тіркелген маслихат депуттарының саны – 69. Сайлаушылардың бірлескен отырысына олардың 61-і қатысып, дауыс берді. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес, үміткер ретінде тіркелген үш кандидаттың ішінен Сенат депутаты Советбек Медебаев (61,7%) көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 37 таңдаушы қолдаған.
Айта кетейік, бірер минут бұрын еліміздің барлық өңірлері бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.
Фото: gov.kz