Сенат сайлауын 250 халықаралық сарапшы қадағалайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат сайлауын 250 халықаралық сарапшы қадағалайды деп жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингісінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Оның айтуынша, сайлау науқаны шеңберінде сыртқы істер министрлігі арқылы халықаралық байқау институты да ашылатын болады. «Біз осы жылы халықаралық байқаушылар корпусы 250-ге жуық адамды құрайды деп болжап отырмыз», - деді Қ. Тұрғанқұлов.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.