Сенат сайлауын 288 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 22 маусымда халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеудің аяқталғаны және шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау күнін келісу мәселелері бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, деп хабарлайды ҚР ОСК баспасөз қызметі.

Сенат сайлауын 288 халықаралық байқаушы қадағалайтын болады

2017 жылғы 22 маусымда Орталық сайлау комиссиясы «2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі 2 Миссиядан, 2 халықаралық ұйым мен 8 шет мемлекеттен тағы 118 байқаушы аккредиттелді.

Олардың ішінде 66 - ТМД-дан байқаушылар Миссиясынан, оның құрамында 13 байқаушы - ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан, 3 байқаушы - Беларусь және Ресей Одағы Парламенттік жиналысынан; 12 - Шанхай ынтымақтастық ұйымынан, 10 - Түркітілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесінен, 5 - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, сондай-ақ 25 байқаушы - 11 шет мемлекеттен.

Жалпы алғанда, Ортсайлауком 172 байқаушыны аккредиттеді, олардың ішінде 106-і - ТМД Миссиясының және 12-і - ШЫҰ Миссиясының, 10-ы - Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің, 5-уі - Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері және 16 шет мемлекеттен 39 байқаушы.

Халықаралық байқаушылар ішінде 15 шет мемлекеттің Орталық сайлау органдарының басшылығы, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының, Федералдық Жиналысы  Федерация Кеңесінің, ТМД елдері, түркітілдес мемлекеттердің парламенттерінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың елшілері және басқа да жоғары лауазымды ресми тұлғалары қатысты. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 15 мемлекеттен шетелдіқ бұқаралық ақпарат құралдарының 116 өкілі аккредиттелді.

Осылайша, алдағы сайлауды байқауды шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен шетелдік БАҚ өкілдерінің 288 байқаушысы жүзеге асыратын болады. Шетелдік БАҚ өкілдері арасында сайлауға Франс-Пресс, Би-би-си, Томас Рейтер және т.б. сияқты белгілі әлемдік ақпараттық агенттіктер өкілдері аккредиттелді.

Екінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясына Шығыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының Өскемен қ. мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды келісу туралы өтініші қаралды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі  Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес шығып қалған мәслихаты  депутатының орнына  сайлау 2017 жылғы 30 шілдеге  тағайындалған.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі тиісті ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты жүргізу ұсынылды.