Сенат спикері: «Өзгер немесе өл» ұраны бұрын-соңды болмаған өзектілікке ие
АСТАНА. KAZINFORM — Үшінші жыл қатарынан жаһандық шетелдік инвестициялардың күрт төмендеуі байқалады. Мұндай деректі Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Время» газетінде жарияланған мақаласында келтіреді.
— Бүгінде жетекші елдер азды-көпті қалпына келді және инфляция бақылауға алынды. Бірақ, жағдайды әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы күрделендіреді және көптеген ел протекционизм саясатын көбірек ұстанады. Дональд Трамптың сайлауалды уәделерінің бірі көршілес, сонымен қатар өзге де елдерге қатысты сауда баж салығын енгізу екенін ескере отырып, алдағы кезеңде сауда соғыстарының күшеюін күтуге болады. Бұл бағытта алғашқы қадам қазірдің өзінде жасалды, — деді Сенат спикері.
Оның атап өтуінше, инвестиция үшін күрес күшейіп келеді. Үшінші жыл қатарынан жаһандық шетелдік инвестициялардың күрт төмендеуі байқалады. Өткен жылы Орталық Азияға тікелей инвестициялардың құлдырауы 39 пайызды құрады. Дүниежүзілік банк жыл сайынғы жаһандық өсімді 2,7 пайыз деңгейінде болжам отыр. Бұл ретте сауда геосаяси блоктардың емес, олардың ішінде көбірек орын алмақ.
— Еліміз жаһандық экономикалық жүйенің бөлігі ретінде оның сын-қатерлеріне бейімделу қажеттілігімен бетпе-бет келіп отыр. Қазір ең танымал «өзгер немесе өл» ұраны бұрын-соңды болмаған өзектілікке ие. Бізде қарқынды алға жылжудан басқа амал жоқ. Бүгінде, жаңа технологиялық құрылыстың рөлін бірнеше есе арттыру, жаһандық ауқымда инновацияларды, цифрландыруды және жасанды интеллектіні қарқынды дамыту дәуірінде экономикамыздың тұрақты және инклюзивті өсуін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер өмірлік маңызға ие, — деді Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін Сенат төрағасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттар лигасы тағдырын қайталау қаупі бар екендігін білдірген еді.