Сенат спикері депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдауға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдауға шақырды. Еске сала кетейік, бесінші шақырылған Парламенттің төртінші сессиясының ашылу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазғы депутаттық каникул мерзімін қысқартуды өтінген еді.
«Мен Мемлекет басшысының депутаттық каникул мерзімін қысқарту туралы өтінішіне түсіністікпен қарап, тиісті шешім қабылдаймыз деп сенемін. Сонымен қатар, бізді алда ауқымды әрі жүйелі жұмыс күтіп тұр, сондықтан да біз үлкен жауапкершілікті терең сезініп, осы бағытта белсенді жұмыс атқаруға тиіспіз», - деді Қ. Тоқаев бүгін палатаның жалпы отырысында. Бұдан бөлек, Сенат спикері еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуде Парламент пен Үкіметтен үйлесімді және жауапты жұмыс талап етілетінін атап өтті.