Сенат спикері Қ. Мәми ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат -ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өзінің жеке блогында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.
None
None

«Қаһарлы күндерде қаһармандық пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен еліміздің айбынды ұл-қыздарының ұлағатты өнегесін халқымыз ешқашан ұмытпақ емес. Сіздердің бейбіт өмір мен жарқын болашақ жолындағы Отан үшін от кешіп, Ұлы Жеңіске жеткізген ерліктеріңізге бүгінгі ұрпақ бас иеді, құрмет тұтады. Бүгінде бейбіт әрі ынтымақты ел Қазақстанды әлем танып отырса, бұл Сіздердің ел ертеңі үшін жанқиярлықпен күрескен қаһарман ерліктеріңіздің арқасы. Мен соғыс ардагерінің ұлы ретінде Сіздердің жан аямаған ерліктеріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды айта отырып, өздеріңізге ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін», - деп жазады спикер Қайрат Мәми.

Соңғы жаңалықтар