Сенат спикері Қ. Мәми қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтады.
None
None

«Құрметті қазақстандықтар! Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар. Жердің жүзі жасыл желек жамылатын көктемнің ежелгі мерекесі Сіздің жаныңызды жадыратсын, шалқар шабыттың, игілікті әрі ізгілікті істердің бастауы болсын! Барлық отандастарға мол табыс, зор денсаулық, бақыт пен игілік тілеймін!», - деп жазады Сенат спикері өзінің интернеттегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар