Сенат спикері Қ.Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады. Бұл туралы Сенат спикері «Твиттердегі» парақшасынан мәлім етті.

Сенат спикері Қ.Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады

«Елбасының тапсырмасы бойынша қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясына (6-8 ақпан) қатысамын. Күн тәртібінде Украина, Таяу Шығыс», - делінген оның парақшасында.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясына 1962 жылдан бастап жыл сайын Мюнхенде (Германия) өтеді.