Сенат спикері «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды
АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.
«ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәмиді Қазақстан Республикасы Констиуциялық Кеңесінің «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады», делінген баспасөз баянында.