Сенат спикері ТМД ПА байқаушылар миссиясының аралық есебін жоғары бағалады

ТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Парламенті Сенаты депутаттары сайлауына жүргізілген ТМД ПА байқаушылар миссиясының аралық есебінде пайдалы ақпараттар мол қамтылған.

Сенат спикері ТМД ПА байқаушылар миссиясының аралық есебін жоғары бағалады

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми еліміздегі Сенат депуаттарын сайлауға бақылау жасауға келген ТМД Парламентаралық ассамблеясы байқаушылар миссиясымен кездесуі барысында айтты.

«Біз ТМД елдері парламенттерінің депутаттары тарабынан Қазақстандағы сайлауларды байқауы жақсы дәстүрге айналып отырғандығына қанағаттанамыз. Қазақстандық парламентарийлерде достастық елдеріндегі сайлауларды байқауға белсенді қатысады», - деді Сенат төрағасы.

Өз кезегінде ТМД ПА байқаушылар миссиясының басшысы Вадим Густов сайлауалды науқаны барысында заңдылықтардың қатаң сақталуын миссия мүшелері тыңғылықты бақылайтындығын жеткізді.