Сенат Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда митрополит Александрмен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің Астана және Алматыдағы митрополиті Александрмен кездесті,

Сенат Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда митрополит Александрмен кездесті

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында осы заманғы мемлекет пен қоғамдық өмірдегі Орыс православ шіркеуінің ролі, рухани даму, тұрақтылықты қамтамасыз ету және азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу туралы пікір алмасылды.

Төраға Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 3 Съезінің қорытындылары және кезекті діни жиынды 2012 жылы Астанада өткізу жоспары туралы митрополит Александрды хабардар етті.