Сенат Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат. Парламент Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,
None
None

деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Дінаралық диалог жөніндегі Папа Кеңесінің ислам жөніндегі бас сарапшысы Халед Акашемен, Қасиетті Эджидио қауымының өкілі Эмберти Джаллоретимен, Шіркеу мен қоғамның өзара қатынасы жөніндегі Мәскеу Патриархаты Бөлім төрағасының орынбасары Георгий Рощинмен кездесулер барысында осы заманғы өзекті мәселелер, діни лидерлердің берік әлемді қалыптастырудағы рөлі талқыға салынды.

Съез қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты Қ.Тоқаев «осындай, оның ішінде жоғары деңгейдегі кездесулер, діни қайраткерлер мен беделді саясаткерлер арасындағы пікірлесу тұрғысында» өткенін жақтайтынын айтты.

Мәскеу және бүкіл Ресейдің патриархы Кириллдің Қазақстанға жоспарланған сапарына байланысты Төраға оның маңызды оқиға екенін және «Әулие оның сапарының тарихи маңызы бар екені асырып айтқандық емес», деп атап өтті.

Съез  хатшылығына қатысушылар осы жылғы жазда Астанада өткен үшінші діни жиынның қорытындыларын жоғары бағалады.

Олардың айтуынша, қазіргі кезде көптеген елдердің діни конфессия өкілдерінің Съез  хатшылығы құрамына енуді қалайтынын білдіруі конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуда Съездің беделі мен әсерінің арта түскенін көрсетіп отыр.

Соңғы жаңалықтар