Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Митрополиті Эммануилмен және Раввин Мейр Дэниномен кездесті

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі  хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі  хатшылығының кезекті, тоғызыншы отырысы аясында Франция Митрополиті Эммануилмен кездесті,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында конфессияаралық келісім мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды қалыптастыру және нығайту жөніндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Төраға Константинополь шіркеуінің басшысы, патриарх Варфоломейге сәлем жолдап, діни саммит жұмысына белсенді қатысқаны үшін жүздесушіге алғыс айтты.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, діни қайраткерлер ғана емес, белгілі саясаткерлердің Съезге қатысуы оның маңызды ерекшеліктерінің қатарына жатады.

Митрополит Эммануил Қазақстан Президентінің бастамасымен өткізілетін діни жиынның рөлін жоғары бағалап, діндер мен өркениеттер арасындағы жаһандық үнқатысудың ықпалды жағы ретінде Съездің ерекшелігін атап өтті.

Раввин Мейр Дэниномен кездесу барысында Қ.Тоқаев Съездің жұмысына тұрақты және белсенді түрде сындарлылықпен қатысқаны үшін Бас сефардтық раввин өкіліне алғыс айтты.

Сондай-ақ діни төзімділік, үнқатысу мен өзара сенімді орнықтыру жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың бастамаларын одан әрі жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Соңғы жаңалықтар