14:20, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Сенат Төрағасы: Алматылық «Қайратты» құттықтаймын, қарағандылық «Сарыарқаға» жеңіс тілеймін!
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми интернеттегі өзінің жеке парақшасы арқылы алматылық «Қайратты» құттықтап, қарағандылық «Сарыарқаға» жеңіс тіледі.

«УЕФА кубогы үшін мәскеулік «Динамомен» ойында айқын жеңіске жеткен алматылық «Қайрат» шағын футбол командасын және барлық қазақстандық жанкүйерлерді құттықтаймын! Бұл біздің клубтың ұзақ күткізген және шын мәніндегі жеңісі болып табылады. Ал бүгін Қарағандыда жергілікті «Сарыарқа» хоккей командасы мен нефтекамскілік «Торос» клубы арасында Братина кубогы үшін жетінші шешуші матч болады. «Сарыарқа» хоккейшілеріне «Қайрат» командасының табысындай жеңіс тілеймін!», - деп жазды парақшасына Сенат спикері.