Сенат төрағасы ауылдардағы ауызсу мәселесіне алаңдаушылық білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы Парламенттік тыңдауда ауылдардағы ауызсу мәселесіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңірлердің дамуын тежейтін басты факторлардың бірі жолдардың жағдайы болып қалып отыр. Сенаторлар депутаттық сауалдарында бұл тақырыпты үнемі көтеріп келеді. Қазіргі таңда республикалық маңыздағы жолдардың жартысы ғана «жақсы» жағдайда. Жергілікті маңыздағы жолдардың айтарлықтай бөлігі «қанағаттандырмайтын» жағдайда. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қабылданғанына қарамастан, халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге дейін шешілмеген», - деді ол.
Оның айтуынша, бұл проблема әсіресе ауылдарда өзекті тұр.
«Президенттің сайлауалды бағдарламасында елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесімен 100 пайыз қамту қажеттігі айтылған. Бұл – алдағы кезеңде бірлесіп атқаратын ортақ міндетіміз», - деді Мәулен Әшімбаев.