Сенат төрағасы Бобровқа Құрмет грамотасын табыс етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өкілеттігі тоқтатылған бесінші және алтыншы шақырылған Парламенттің жоғарғы Палатасының депутаты Владимир Бобровқа Құрмет грамотасын табыс етті.
Қ.Тоқаев В.Бобровтың жоғары кәсіби біліктілігі мен принципшілдігін атап өтті және Сенаттағы белсенді әрі жемісті қызметі үшін алғыс айтты.